Сәрсен Құранбек "Алаш" базарының басшылығына қатаң ескерту жасады

Oinet.kz 18-03-2026

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек журналистермен өткен баспасөз мәслихатында "Алаш" базарының басшылығының уәжін тыңдады. Айта кетейік, бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде "Алаш" базарының саудагерлері павильонның жаңаруына байланысты "бұрынғы орындарымыздан айрылып қалмаймыз ба" деп қорқатындарын жеткізген еді. 

MyCollages.jpg

Бұған қатысты базар басшының орынбасары Нұран мырза әлеуметтік желіде базар сатушыларының бутикті 15-20 миллион теңгеге сатып алдық деп айтқандары өтірік деп мәлімдеді. Нұрлан мырзаның айтуынша, базар әкімшілігі бутиктердің бәрін сатушыларға 12 жыл бұрын тегін берген. Базар әкімшілігі сатушылардан ай сайын жалға алу ақысын ғана жинайды екен. Жаңа павильон салынып біткенше жалға беру ақысы алынбайды. 

Өз кезегінде қала әкімінің орынбасары: 

- Саудагерлер ақшаға сатып алдық деген әңгіме бекерден-бекер шықпаған болуы мүмкін. Бәлкім басқа біреулер, қатарда жүрген жауынгерлердің сіздердің сырттарыңыздан ақша алмасына кім кепіл? Осыны зерттеп-зерделеуіңіз керек.  

Егер сатушылар мәселе көтеруін жалғастыра берсе, оны базар басшылығы ескермесе немесе бей-жай қараса, біз де қарап қалмаймыз. Халықтың толқуына жол беретін болсаңыздар, бізде сіздерге қарсы заң нормалары барын ескеріңіз, - деді.  

Базар басшылығы мәселені жақын арада шешетіндерін жеткізді. 

Ораза айт – ұлық мереке
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу