"Қылмысты ұйымдастырды" деп айыпталған Санжар Боқаев ұсталды

Oinet.kz 18-03-2026

Бүгін қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізу аясында Алматыда Санжар Боқаев ұсталды.

Screenshot_20.jpg

Бас прокуратура мәліметінше, Санжар Боқаев жалған ақпарат тарату және қоғамда теріс пікір қалыптастыру мақсатында әлеуметтік желілерде жеке тұлғалардың қоғамдық саябақ аумағында ағаштарды заңсыз кесуі және құрылыс нысандарынан мүлік ұрлауы туралы видео жариялады деген күдікке ілінген.

"Тергеу дерегіне сәйкес Санжар Боқаев осы қылмыстарды ұйымдастырып, қаржыландырған. Ол үшін табысы төмен адамдарды тартып, оларға ақшалай сыйақы беру арқылы ағаш кесу мен ұрлық жасауға тапсырма берген. Сондай-ақ, ол аса ірі мөлшерде қаражатты алаяқтық жолмен жымқырды деген күдікке ілініп отыр", - деп жазылған хабарламада.

Еліміздің бас педагогі ұстаздарға жақсы жаңалықты жеткізді
Менің жетекшім – Құдайберді Бағашаров
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу