Еліміздің бас педагогі ұстаздарға жақсы жаңалықты жеткізді
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова ұстаздарға жақсы жаңалықты жеткізді.

Сөз аттестаттау турасында болып отыр.
"Қаншама ұстазбен кездестім. Олар аттестаттаудан өткен кезде авторлық бағдарлама қажет емес екенін астын сызып тұрып айтып жатыр. Сондықтан Оқу-ағарту министрлігінің ұстанымы нақты. Аттестаттаудан авторлық бағдарламаны алып тастаймыз", - деді министр.
Бас педагогтің сөзінше, жаңа оқу жылында аттестаттау ережесіне өзгеріс енгізіледі. Осылайша ұстаздар авторлық бағдарлама жасамайды.


