Астана маңынан 2035 жылға дейін жер телімі берілмейді

Oinet.kz 23-02-2026

_gluster_2022_8_9_467e927e405f8630d715ffe7b2e4bdb1_original.29274.jpg

Астана қаласының мәслихаты қала маңынан жер беру мен  тұрғын үйлерді салуға тыйым салуды ұсынуда. Елорда мәслихатының  бұл шешімі «Ашық нормативтік құжаттар» порталында 9 наурызға дейін талқылану үшін жарияланған. Ұсынысқа сәйкес 2035 жылға дейін тиісті жоспар, магистральді инженерлік желілер мен әлеуметтік инфрақұрылымы жоқ аумақтардан жер беруге және тұрғын үй салуға уақытша тыйым салынбақ. 

«К-1 айналма жолының солтүстік бөлігінде, Өндіріс тасжолы бойында, К-1 айналма жолының солтүстік-шығыс бөлігінде, Алаш тасжолы бойында, сондай-ақ айналма жолдың шығыс бөлігінде, Астана – Қарағанды тасжолы бойында құрылыс салуға уақытша тыйым енгізу туралы тармақ қосу көзделген», деп жазылыпты мәслихаттың шешімінде.

Оразада етті қымбат сатқан саудагерлер жазаланды
Каспийді сақтауға 1,1 млрд теңге бөлінді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу