Алмасбеков генерал бола алмайды-ау...

Oinet.kz 15-01-2026 57

Шымкентте бас полицияның креслосы біраз шендінің жұлдызын жақты десек мұнымен көпшілік келісетін шығар. Осы лауазымға полковник болып келіп, генерал атағын алғандар, Ішкі істер министрлігіне өсіп кеткендер аз емес. Бәрін тізіп шықпай-ақ қоялық. Солардың ішінде халыққа адал қызмет еткен азаматтар да болды, өкінішке қарай, соңына дау-дамай қалдырып, тіпті сотталып кеткендері де жоқ емес. Мұны неге айтып отырмыз? 

_gluster_2024_12_27_a6a1287accad73ea8794fa507ab10fec_original.209650.jpegЖуырда,  Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шымкент қаласы Полиция департаментіне қарасты Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалғанын ресми түрде растады. Шымкенттің полициясында ірі шендінің ұсталғаны оған дейін біраз ақпарат құралдарында жазылған болатын. Осы ақпараттарға қарағанда ұсталған полиция басшысына 20 миллион теңге пара алды деген айып тағылған. 

Әзірге істің мән-жайы белгілі емес. Күдіктінің адвокаттары мұның арандату екенін, ұсталған азаматтың кінәсін мойындамай отырғанын мәлім етті. Белгілісі, басқарма басшысы 28 желтоқсанда ұсталған. Әрине, сот үкімі шықпай жатып пәлен-түген деуден аулақпыз. Бәрін тергеу амалдары анықтайды. Бірақ соңғы бір-екі жылдың көлемінде Шымкентте жоғары лауазымды тәртіп сақшыларының ұсталуы жиілей бастағаны рас. 

Былтыр тамызда Шымкентте Тұран аудандық полиция басқармасының бастығы мен оның қарамағындағы жедел бөлім қызметкері ұсталды. Олар қылмыстық істі оң шешіп беру үшін пара алды деген күдікке ілінген. Сол кезде Шымкентте мұндай лауазымды полицейдің парамен ұсталуы бірінші рет кездесіп отырғаны айтылған еді. Мінекей, араға төрт ай салып, тағы бір ауданның бас полицейі пара алды деген күдікке ілікті. 

Естеріңізде болса, 2024 жылдың күзінде Шымкент қалалық Полиция департаментінде ірі лауазымды полицейлер сыбайлас қылмыс жасады деген күдікпен ұсталған. Артынша департаменттің бастығы, генерал Думан Таев отставкіге кетті. Оның орнына Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Нұрлан Алмасбеков тағайындалды. Алайда Алмасбековтың кезінде шымкенттік тәртіп сақшылары арасындағы жемқорлық көбеймесе, азаймай отыр.

Бұл түрімен Алмасбеков генерал бола алмайды-ау.    

"Рейтинг" газеті

Ең көп электромобиль - Алматыда
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу