Маңғыстау облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Oinet.kz 16-01-2026 47

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА ЖАНТҮРШІГЕРЛІК ЖОЛ АПАТЫ БОЛДЫ

Маңғыстау облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты, - деп хабарлайды, - Oinet.kz  тілшісі.

овпицрсо.jpg

16 қаңтарда шамамен сағат 01:03-те Доссор - Құлсары - Бейнеу - Сайөтес - Шетпе - Жетібай - Ақтау тасжолының 383-шақырымында Yutong маркалы жолаушылар автобусы жол апатына ұшыраған. Ақтау қаласынан Бейнеу ауылы бағытында келе жатқан көлік жүргізушісі рөлді басқара алмай, нәтижесінде көлік аударылып кеткен.

Маңғыстау облысы Полиция департаменті мәліметінше, жол апаты салдарынан 4 адам оқиға орнында қаза тапқан. 42 жолаушы түрлі дене жарақатын алып, олардың 17-і ауруханаға жатқызылып, қалғандары амбулаториялық ем алуға жіберілген. Автобус жүргізушісі уақыт ұстау изоляторына қамалған, тергеу жұмыстары жүргізілуде.


Алмасбеков генерал бола алмайды-ау...
Қазақстанның алғашқы Бас мүфтиі қайтыс болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу