"Ордабасының" экс-президентіне қатысты даулы оқиғаға нүкте қойылды

Oinet.kz 13-01-2026 59

Шымкент қаласындағы "Ордабасы" футбол клубының бұрынғы президенті Бауыржан Әбдубаитовқа қатысты қозғалған қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеудің нәтижесінде тоқтатылды. Тергеу барысында бірқатар жайттар анықталды.

Screenshot_1.jpg

Клубты басқарған кезінде Әбдубаитов футболшыларға ірі көлемде келісімшарттар жасап, директорлар кеңесінің мақұлдауынсыз қомақты сыйақылар төлеген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметі бойынша, бұл әрекеттер шамамен 2,3 млрд теңге бюджет қаражатының мақсатсыз жұмсалуына әкелген.

Сонымен қатар клубтың Конференциялар лигасына қатысуға арналған 1,2 млрд теңгесі логистика мен ойындарды ұйымдастыруға емес, салықтық төлемдер мен футболшыларға қосымша төлемдерге жұмсалған.

Құқық қорғау органдары қызметтік өкілеттілікті асыра пайдалану және бюджет қаражатын мақсатсыз жұмсау фактілері бойынша қылмыстық істер қозғаған. Тергеу Қылмыстық кодекстің тиісті баптары бойынша жүргізілді.

Бас прокуратураның хабарламасына сәйкес, Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Әбдубаитовқа қатысты іс бойынша сотқа дейінгі тергеуді "абайсыздықтан" туындаған негіздермен жүргізіп, істі тоқтату туралы шешім қабылдаған.

Қала прокуратурасы бұл шешімге қолдау білдірді. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу материалдарының толық мазмұны жарияланбайды.

Сондықтан қылмыстық іс жабылғанымен, Әбдубаитов толық ақталған тұлға болып есептелмейді. Алайда оған қылмыстық жауапкершілік қолданылмайды.

Айта кетейік, Бауыржан Әбдубаитов "Ордабасы" клубының президенті болып 2022 жылдың ақпанында тағайындалған.

Ал 2024 жылдың мамырында денсаулығына байланысты қызметінен кеткен. Қазір Шымкент қаласы әкімдігі клубты жеке меншіктеуге дайындық жүргізіп, әлеуетті инвесторлармен келіссөздер бастады. Бұл қадам қалалық бюджетке түсетін салмақты азайтуға және болашақта осыған ұқсас даулы жағдайлардың алдын алуға бағытталған.


12 жылға бас бостандығынынан айырылған Хасан Қасымбаевтың ісі аппеляцияға жетті
Атырауда мәйіті табылған ерлі-зайыптының денелерінде пышақ жарақаттары болған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу