12 жылға бас бостандығынынан айырылған Хасан Қасымбаевтың ісі аппеляцияға жетті

Oinet.kz 13-01-2026 59

Хасан Қасымбаевтың ісі бойынша апелляциялық іс Алматы облыстық сотында тіркелді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_1.png

Бұл туралы сот кабинеті деректерінде көрсетілген. Іс материалдары бүгін, 13 қаңтарда, судьяға берілді.

2025 жылғы 11 қарашада сот ММА жауынгері Арман Әлімовты ұрлау және соққыға жығу ісі бойынша негізгі фигурант Хасан Қасымбаевты 12 жылға бас бостандығынан айырған еді.

Апелляциялық шағым Талғар аудандық сотына 21 қарашада түскен.

Тергеу нұсқасына сәйкес, қылмыс 2021 жылдың маусым айында болған. Кейін бұл іс бойынша тағы бес адам кінәлі деп танылды.

Хасан Қасымбаев 2024 жылғы 2 қарашада уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Арман Әлімовтың анасы жанжалдың «Хуторские» ұйымдасқан қылмыстық тобымен байланысты екенін мәлімдеген. Хасан Қасымбаевтың есімі Шерзат Полатты өлтіру ісінде кең тарады.

Ал Қасымбаевтың өзі бейнеүндеуінде ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысы барын жоққа шығарған.

Биыл Ұлттық құрылтай отырысы қашан өтетіні белгілі болды
"Ордабасының" экс-президентіне қатысты даулы оқиғаға нүкте қойылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу