Мемлекеттік кіріс департаментінің басқарма басшысы парамен ұсталды

Oinet.kz 12-01-2026 49

ҰҚК Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мемлекеттік шекара арқылы тауарды заңсыз импорттау арнасының жолын кесті. Бұл туралы құқық қорғау органының баспасөз қызметі мәлім етті деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_3.jpg

Соттың санкциясымен Батыс Қазақстан облысы Мемлекеттік кіріс департаментінің басқарма басшыларының бірі мен елорда тұрғыны ұсталып, қамауға алынды.

— Көрсетілген тұлғалар ақшалай сыйақыға елге халық тұтынатын тауарларды кедергісіз әкелу үшін шетелдік азаматтарға көмек көрсеткен. Олардың 100 млн теңгеден астам пара алғаны процестік тұрғыда құжатта көрсетілген, — делінген хабарламада. 

Алдын ала есеп бойынша мемлекетке келтірілген шығын 1,9 млрд теңгені құрады.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Шымкентте үндістандық студентке тиіскендер полиция бөліміне жеткізілді (видео)
Мақтаулы мектеп. Ұстаздар ұсыныс айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу