Шымкентте үндістандық студентке тиіскендер полиция бөліміне жеткізілді (видео)

Oinet.kz 12-01-2026 50

Шымкенттегі "Қырғы базарда" 10 қаңтар күні үндістандық студент өзіне шабуыл жасағанын айтып шағымданды. Бұл туралы Oinet.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Screenshot_2.jpg

Әлеуметтік желіде тараған видеода шетелдік азамат өзіне шабуыл жасағанын айтып, көз жасына ерік берді. Ол жергілікті полициядан көмек сұрады. 

Оның айтуынша, шабуыл жасағандар  ұялы телефонын тартып алмақ болып, қорлаған. Жас жігіт әлеуметтік желілерде блог жүргізіп, Шымкенттегі өмірі туралы баяндайды. Жарияланған жазба тез тарап, құқық қорғау органдарының назарын аударды. 

“Оқиға 10 қаңтарда қаладағы базарда болған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, шетелдік азамат әлеуметтік желіге кейін жариялау үшін видео түсірген. Саудагерлер шуға шағамданып, түсірілімді тоқтатуды талап етіп, базардың күзет қызметіне жүгінген”, – деп мәлімдеді полиция.

Олардың арасында жанжал туындаған. Жанажалға қатысушылар ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Ведомствоның мәліметінще, аталған факті бойынша “Ұсқа бұзақылық" бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материалдар сотқа тиісті процессуалдық шешім қабылдау үшін жіберіледі.

Танымал блогер Қайсар Қамзаға іздеу жарияланды
Мемлекеттік кіріс департаментінің басқарма басшысы парамен ұсталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу