Танымал блогер Қайсар Қамзаға іздеу жарияланды

Oinet.kz 12-01-2026 48

Блогер Қайсар Қамзаға іздеу жарияланды. Бұл ақпарат Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің интернет порталында пайда болды, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_1.jpg

Жарияланған мәліметке сәйкес Қамза Қайсар Бақытжанұлы іздестіріліп жатыр. Туған күні - 1995 жылғы 18 қыркүйек. Іздестіру ісі 2026 жылғы 10 қаңтарда Астанада тіркелген.

Іздестіруге бастама болған - Қаржылық мониторинг агенттігі. Бұл істі Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті жүргізеді.

Әзірге құқық қорғау органдары блогерге неліктен іздеу салынғанын нақтыламады.

Шымкентте қызды аяусыз пышақтап өлтірді. Күдікке танысы ілінді
Шымкентте үндістандық студентке тиіскендер полиция бөліміне жеткізілді (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу