Маңғыстаудың ғажайып табиғаты: The Washington Post назарында

Oinet.kz 10-01-2026 73

Беделді The Washington Post басылымы Маңғыстау облысының ландшафттарына назар аударды. Мақалада Қазақстанның туристік локациялары Жібек жолының айға ұқсас пейзаждары ретінде сипатталады.

Screenshot_1.jpg

Фото: The Washington Post

Материал авторы өңірге жасаған сапары туралы баяндап, шетелдік аудиторияның назарын Бозжыра, Торыш шатқалдары мен Жығылған ойпатының табиғи бірегейлігіне аударады.

Screenshot_2.jpg

Фото: The Washington Post

«Торыш немесе Шарлар алқабыландшафт бойына уақ тастардан бастап ірі валундарға дейінгі жүздеген домалақ тастар шашырай орналасқан орын. Ғалымдар олардың қалай пайда болғаны жөнінде әлі күнге дейін ортақ пікірге келген жоқ. Ал мен алқап бір кездері құдайлардың ойын бөлмесі болған деген жергілікті теорияны құптаймын.

Жығылғанұзындығы бірнеше шақырымға созылатын, ғимараттармен шамалас тастарға толы ойпат. Алыстан қарағанда, бір кездері Каспий теңізінің жағасында бір алып отырып, астындағы жерді ойып кеткендей әсер қалдырады», — деп жазады The Washington Post.

Screenshot_3.jpg

Фото: The Washington Post

Материалда оқшауланған әрі аутентикалық саяхат тәжірибесіне ерекше назар аударылады.

Screenshot_4.jpg

Фото: The Washington Post

Маңғыстау облысының танымдық туризм бағыты ретіндегі халықаралық тартымдылығы артып келеді, бұл туристік ағынның өсуімен де байқалады.

Screenshot_5.jpg

Фото: The Washington Post

Айта кетейік, Бозжырада алғашқы қонақүй құрылысы басталды.

Қайырымдылыққа ақша жинағандар сотталды
Олжас Бектенов сарапшылармен экономиканы дамыту мәселелерін талқылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу