Қазақстанда «әдемі» мемлекеттік нөмірлер қанша тұрады?
2026 жылы автокөлік иелері тек стандартты нөмірді ғана емес, ерекше цифрлар мен әріптерден тұратын «әдемі» нөмірлерді де таңдай алады. Баға комбинацияның күрделілігіне байланысты 43 мың теңгеден басталып, миллион теңгеге дейін жетуі мүмкін, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Жаңа тәртіпке сәйкес, 2026 жылғы 5 қаңтардан бастап жүргізушілер әріптер мен сандардың қалаған комбинациясын таңдай алады.
Мамандардың айтуынша, ол нөмір бос болуы және заң талаптарына сай келуі керек. Бұл жаңашылдық әсіресе «әдемі» нөмір алғысы келетіндер үшін үлкен мүмкіндік.
Жүргізушілер мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы таңдай алады. Кез келген қажетті әріптік және цифрлық белгілері бар нөмірдің құны 10 және 15 айлық есептік көрсеткішті құрайды, – делінген ІІМ хабарламасында.
Автокөлікті тіркеу қанша тұрады?
2026 жылы 1 АЕК – 4 325 теңге болды.
Биыл Қазақстанда автокөлікті есепке қою 4,05 АЕК немесе 17 516,25 теңге.
Бұл сомаға мыналар кіреді:
2,8 АЕК (12 110 теңге) – стандартты мемлекеттік нөмірлер;
1,25 АЕК (5 406,25 теңге) – көлік құралын тіркеу куәлігі.
«Сұранысы жоғары» нөмірлер
Мұндай комбинациялар үшін мемлекеттік баж мөлшері ҚР Салық кодексінің 667-бабымен белгіленген. Нөмір неғұрлым әдемі болса, соғұрлым оның бағасы жоғары болады.
2026 жылы мемлекеттік нөмірлердің бағасы:
10 АЕК – 43 250 теңге
2026 жылғы 5 қаңтардан бастап автокөлік иелері сұранысы жоғары тізімге кірмейтін кез келген әріптер мен цифрлардан тұратын жеке нөмірді тапсыра алады.
Мысалы: 510 МNO, 253 BWM.
15 АЕК – 64 875 теңге
«Әдемі» нөмірлер, стандартты сұранысқа ие цифрлық комбинациялар.
Ең қолжетімді сұранысы жоғары нөмірлер
Бірдей әріптері жоқ айна тәрізді комбинациялар: 101, 121, 131, 202, 212, 303, 404, 505, 606, 707, 808, 909 және басқа ұқсас нөмірлер.
72 АЕК – 311 400 теңге
Сол айна тәрізді цифрлық комбинациялар, бірақ бірдей әріптері бар нөмірлер (AAA, SSS және т.б.).
57 АЕК – 246 525 теңге
Цифрлармен комбинациялар: 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707.
Сондай-ақ, осы сомаға үш бірдей әріптен тұратын кез келген цифрлық нөмірді таңдауға болады, егер ол басқа сұранысы жоғары санатқа жатпаса (мысалы, 039 ТТТ).
114 АЕК – 493 050 теңге
Егер жоғарыда аталған цифрлық комбинацияларға бірдей әріптер қосылса баға екі есе артады.
137 АЕК – 592 525 теңге
«Дөңгелек» және қайталанатын цифрлардан тұратын нөмірлер: 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999.
194 АЕК – 839 050 теңге
228 АЕК – 986 100 теңге
Сол цифрлық комбинациялар, бірақ бірдей әріптері бар нөмірлер.
285 АЕК – 1 232 625 теңге
Ең жоғарғы баға – 001–009 және 777 нөмірлері сұранысы жоғары әріптік комбинациямен бірге болған жағдайда.
Осылайша, Қазақстанда автокөлік нөмірінің бағасы стандарттыдан эксклюзивке дейін әртүрлі болып бағаланған. 2026 жылы ең қолжетімді «әдемі» нөмірлер 43 000 теңгеден, ал ең сұранысы жоғары нөмірлер миллион теңгеден басталады.
Баға комбинацияның күрделілігіне, цифрлар мен әріптердің қайталануына байланысты өседі.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда жүргізушілер енді көлік нөмірін өз қалауынша таңдай алатынын хабарладық.


