Назарбаев Қазақстандағы шағын ауылдарды паразитке теңеді
Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында болашағы бар (перспективалы) ауылдарды дамытуға баса назар аудару керектігін айтты. Оның айтуынша, қазынадағы ақшаның көп бөлігі болашағы жоқ елдімекендерді ұстауға жұмсалады.
- Іс жүзінде бұлар паразиттер. Елімізде 7700 елдімекен бар. Оның 1800-сі перспективалы ауылдар, осы ауылдарды дамытуға көңіл бөлу керек. Ал қалғандары кең дала. Бір ауыл бір шетте, екіншісі тағы бір шетінде орналасқан. Онда 10 үй бар. Одан 10 шақырым жерде шартты түрде айтсақ, 50 үйлі тағы бір ауыл бар. Сонда біз жолдарды, мектеп пен ауруханаларды қайда саламыз? 10 үй үшін бе? Бұл өнімсіз тірлік, - деді Елбасы. Ол Австралия мен Канада мысал келтірді. Аталған елдер орталықтандырылған жүйеде дамып жатыр.
- Бірақ бұл елдімекендерге жағдай жасаудың қажеті жоқ дегенді білдірмейді. Оларды перспективалы аймақтарға көшіру керек. Сонда мектептер мен ауруханалар салу керек. Сол жерде инфрақұрылым жүргізу керек, - деп сөзін түйіндеді Назарбаев.