«Пара беріп, делдал болған»: Шымкентте шенеунік пен екі мектеп директоры 5 жылға сотталды

Oinet.kz 18-06-2025 102

Шымкентте білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін 2 миллион теңге көлемінде пара алу дерегі бойынша шенеунік пен екі мектеп директоры сотталды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Screenshot_3.jpg

Қазір айыпталушылар орындығында үш адам отыр. Олар білім беру сапасын қамтамасыз ету басқармасының лицензиялау бөлімінің бұрынғы басшысы және екі жекеменшік мектептің басшысы. Біреуі ірі көлемде пара алу, ал қалған екеуі пара беру және делдалдық жасау баптары бойынша айыпталды.

"Жекеменшік мектеп директоры білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия мен оған қосымшаны алу мақсатында Шымкент қаласы бойынша Білім беру сапасын қамтамасыз ету департаментінің лицензиялау бөлімі басшысына делдал арқылы 2 миллион теңге көлемінде пара берген", – деп хабарлады

Шымкент қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.

Сот барлық үш айыпталушыны кінәлі деп таныды. Шенеунік 5 жылға бас бостандығынан айырылып, өмір бойы мемлекеттік қызметте және мемлекеттік мекемелерде жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Пара берген мектеп директорына 53 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Ал делдал 20 миллион теңге айыппұл төлейтін болды. Екеуі де мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Как получить займ без отказа: Ваш ключ к финансовой независимости
«Алаяқ қалыңдық»: Қазақстандық қыз жігіттен қалыңмалын алып, артынша полицейге тұрмысқа шығып кеткен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу