Қалыңмалды қайтарып беруді талап ететіндер көбейді

Oinet.kz 16-06-2025 190

Елімізде тойға дейін қалыңмалды беріп қойып, әртүрлі себеппен шаңырақ көтермей қалған жастар заңгерлердің көмегіне жиі жүгіне бастаған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Информбюроға сілтеме жасап.

Screenshot_1.jpg

Қалыңмалды сот арқылы өндіріп алғандар да кездеседі. 

Елімізде құдалық өткізіп, кәдесый жасап, бірақ той болмай қалатын жағдайлар жиі кездеседі. Ең қызығы, екі жас екі жаққа кетсе де көп жағдайда қалыңмал қайтарылмайды. Ал тұрғындардың дені қыз келіндік міндетін атқармаса жөн-жоралғы арқылы берілген ақша мен бағалы сыйлықтар қайта берілу керек деп есептейді. 

"Қалыңмалды қайтару дұрыс деген ойдамын. Өйткені қалыңмал екі жас арасындағы келісімшарттың бір бөлігі деуге болады. Сондықтан бұл шарт орындалмаса, қыз келін ретінде қызмет етпесе, қалыңмалды қайтару керек деп ойлаймын", – дейді тұрғындардың бірі.

Заңгерлер бұл істі бизнеске айналдырған қыздар бар екенін растайды. Олардың пікірінше, қалыңдық босаға аттамаса, шарт бұзылады, сондықтан екінші тарап өз келісімін орындамағаннан кейін берілген сыйды қайтаруға тиіс. 

"Қыз үйіне бармаймын деп бас тартса, екінші жақ келіспесе, заңгер ретінде айтатыным, келісімшарт орындалмады деп есептеліп, сол жерде қалыңмал берген кезде куәгерлер болса, жазбаша дәлелдер болса, онда азаматтық сот арқылы арыз жазып, шыққан шығынды өндіріп алады", – дейді заңгер Ғабит Өмірбек. 

Заңгердің сөзінше, жігіт жағы қалыңмал ретінде берген заттарын да қайтарып ала алады екен.

«Қоздыратын дәрі берген»: Ақнәр ісіндегі күдікті қыздарға қатысты сұмдық ақпарат тарады (ВИДЕО)
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу