Шерзат Полат ісі бойынша сотталған Равиль Сакиевтің анасына балағат сөз айтқаны үшін айыппұл салынды

Oinet.kz 06-06-2025 720

Шерзат Полат ісі бойынша сотталған Равиль Сакиевтің анасына балағат сөз айтқаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Screenshot_3.jpg

Жетісу облыстық сотында Шерзат Полаттың өліміне қатысты істің үкімі оқылды. Аталмыш іс бойынша  20 жылға бас бостандығынан айырылған Равиль Сакиевтің анасы үкім оқылғаннан кейін зот залында шу шығарған. 

Полиция сотталушының анасы Баян Сармановаға дөрекі сөздер айтып, тәртіп бұзғаны үшін айыппұл салды.

"Полиция департаменті әділдікке қысым көрсетуге жол жоқ екеніне баса назар аударады. Жағдайды тұрақсыздандыруға, сот шешімдерінің орындалуына кедергі жасауға немесе сотқа құрметсіздік білдіруге бағытталған кез келген әрекет заң шеңберінде қатаң тоқтатылады. Жазаның орындалмауы мүмкін емес деген қағида бұзылмайды", – делінген Жетісу облыстық полиция департаментінің хабарламасында. 

Айта кетейік, сот отырысынан кейін Равиль Сакиевтің анасы Stan.kz журналисіне айғайлап, сот әділ өтпегенін жеткізді. Сондай-ақ жәбірленуші тарапты "қарабеттер, қалпақтар" деп атап, балағат сөздер айтқан еді.

Құлсарыда 8 жасар қыздың өліміне айыпты болуы мүмкін 36 жастағы ер адам ұсталды
«Жасыратын ештеңеміз жоқ»: Айтбек Амангелді Шерзат соты аяқталғанша көрсете алмаған құжаттарды жария
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу