Құлсарыда 8 жасар қыздың өліміне айыпты болуы мүмкін 36 жастағы ер адам ұсталды

Oinet.kz 06-06-2025 319

Құлсарыда  5 маусым күні жоғалып кеткен 8 жастағы қыздың мәйіті 6 маусымға қараған түні Құрсай өзенінен табылды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_2.jpg

Қызды өлтірді деген күдікпен Құлсары қаласының 36 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу барысы полиция департаменті басшысының ерекше бақылауында.

Айта кетейік, 5 маусым күні шамамен сағат 12:00-де Кульсары қаласында 2018 жылы туған кәмелетке толмаған қыз бала үйінен шығып, қайта оралмаған.

Сағат 21:28-де оның ата-анасы полицияға жүгінген.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 6 маусым түнгі сағат 02:19 шамасында баланың денесі Кұрсай өзенінен табылды.

Бейнебақылау камерасына қыздың Кұрсай өзенінің жағасында белгісіз ер адаммен кетіп бара жатқан сәті түсіп қалған.

«Мен тек аман қалуға тырыстым»: Алматыда түнгі клуб басшысы қол астындағы жігітті зорлаған (ВИДЕО)
Шерзат Полат ісі бойынша сотталған Равиль Сакиевтің анасына балағат сөз айтқаны үшін айыппұл салынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу