«Сені өлтіремін, үйіңді өртеймін»: Ақнәрдің құрбысы тағы бір сұмдықтың шетін шығарды

Oinet.kz 27-05-2025 1289

Алматыда терезеден құлап кеткен марқұм Ақнәрдің пәтерде бірге болған құрбысы Дидар Руслан Өтепбайға берген сұқбатында  аталған оқиғаға байланысты мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_3.jpg

Құрбысы Дидар - Қытай халық азаматы, қандас, ұлты қазақ.

“Түрімді халыққа көрсеткім келмейді. Жаман хаттар келіп жатыр. Қорқамын. “Сені өлтіремін, үйіңді өртеймін” деген қорқытулар келіп жатыр.

Істің басталғанына 10 ай уақыт болды. Мен ақпын. Полицияға сендім, заңға сендім. Резонанс болмаса, сұхбатты да бермес едім. Ақнәрмен 4 жылдан бері араласамын. 2021 жылы Ақнәр екеуміз KIMEP университетінің жатақханасында бірге жаттық. Ранамен де сол уақыттан бері араласамын. Біз құрбымыз. Менің толық жасым 25-те. Рана 21 жаста, Ақнәр 23 жаста. Мен оларға жиі ақыл айтатын едім, түзу тұрмыс кешейік деп айтатынмын. Сабақтан бөлек, біз күнде тамақтанып, бос уақытымызды бірге өткізетін едік".

Кейін журналист 13 сәуір күнгі Ақнәр мен Дидардың кездесуі туралы сұрады.

"13 сәуір күні Ақнәр екеуіміз ресторанда кездесіп, тамақтандық. Сосын Ақнәр үйіме келді, қонамын деді. Сыра ішкісі келді. Екеуіміз іштік. Ақнәр масайып, қайтамын деді. Бұрынғы жігітімнің қазіргі қызына барамын деді. Мас болған соң, шығармадым. Үйде бауырым Ұлбақ болған”, – дейді Дидар.

Журналист 5 сәуір күнгі Ақнәр мен Дидардың хабарламаларын оқыды. Ол жерде Ұлбақтың басқа біреумен жыныстық қатынасқа түскенін айтылған.

“13 сәуір күні Ақнәр кетемін деді, жылады, секіргісі келді. Мен әпкесіне хабарластым. Мас болған соң, үйіндегілер алып кетсін деп ойладым”, – дейді ол.

Сол күні Дидар Ұлбақ пен Ақнәрдің арасында болған оқиғаны видеоға түсірген. Алайда Дидар бұл оқиға туралы сұрақ қойылғанда сұхбат беруден бас тартты.

«Өліп көрген адам, қайта тірілгісі келмейді»: Белгілі дінтанушы о дүниеге барып келгенін айтты
«Ұл болмағаны үшін»: Ер адам жүкті әйелін қатігездікпен өлтіріп, 2 қызын пышақтап тастады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу