«Өліп көрген адам, қайта тірілгісі келмейді»: Белгілі дінтанушы о дүниеге барып келгенін айтты

Oinet.kz 27-05-2025 627

Танымал дінтанушы Айнұр Әбдірәсілқызы Qazaq.airan YouTube арнасына берген сұқбатында о дүниеге барып келгенін айтты, деп хабарлайды Oіnet.kz тілшісі.

Screenshot_2.jpg

«Негізі өліп көрген адам, қайтіп тірілгісі келмейді. Ешкімнің қайтып тірілгісі келмейді, өйткені ана халді сипаттап бере алмайсың. Дене жоқ, рахат хәл. Тек қана рух хәлі деп айтуға болатын шығар. Одан соң бітті, тура баяғы өліп тірілген адамның барлығы айтатындай зуылдап тұрып туннельдің бойымен жоғары қарай көтерілір бара жаттым.

Мақсат ана жаққа жетіп алу сияқты, басқа еш нәрсе менің есімде жоқ. Зуылдап жетіп бара жатқанда, жетіп қалды ау дегенде, сезім, түйсік болады ғой, демек рухтың да түйсігі бар, сол сәтте «Мама» деген баламның дауысы естілді.

Содан селк етіп, сілкініс секілді бір нәрсе болды. Жылдамдық тоқтады, бірден құлдырау бастады. Содан кейін барып, шын мәнінде көзімді ашқанымды білемін. Алдыңғысы рухтың көзі болған шығар. Бұл жерде кәдімгідей тәннің көзін ашқанымды білемін. Көзімді ашып, жан-жаққа қарап, сол қабырға, сол үй. Неге тірі қалдым деген ой келді маған», — деді дінтанушы.

«Баласының аяқ-қолын байлап, ұрып, тұншықтырып өлтірген»: Ерлі-зайыптылардың жантүршігерлік қылмысы
«Сені өлтіремін, үйіңді өртеймін»: Ақнәрдің құрбысы тағы бір сұмдықтың шетін шығарды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу