«Сақалды. Діндәр. Ұстаз»: Тоғыз балалы ер адамның әйелін күнде азаптайтыны видеоға түсіп қалған (ВИД
Алматы облысы Қарасай ауданының тұрғыны көршісінің отбасында күнде жанжал болатынын айтып полициядан көмек сұраған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Kyn.kz-ке сілтеме жасап.
Оның айтуынша, ер адам үнемі ашуланып жүреді. 9 баласы бар, әйелін видеода шашынан тартып соғып, сүйреп жатыр.
"Әйелі қап қара киініп жүреді негізі. Тоғыз баласы бар. Өзінің аты Талғат, сақалды діндар. Өзін ұстаз дейді. Қысқа балақ киеді. Балаларының көзінше осылай әйелін ұрады", - деп жазған Қарасай ауданының тұрғыны.