Жамбылда ерлі-зайыптылар 15 жастағы қызды зорлап, көзінше жыныстық қатынасқа түскен (ВИДЕО)

Oinet.kz 20-05-2025 428

Ерлі-зайыптылар өзінің кіндік қызын зорлады деп айыпталды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Screenshot_1.jpg

Жәбірленушінің туысының айтуынша, зорлық көрсеткен ерлі-зайыптылар қыздың анасымен араласып жүрген.

Үйіне жиі келіп, қарызға ақша алдыртқан. Екі  қабатты зәулім үйі барын айтып, соны 2,5% несиеге қойып, 100 миллион теңге алып беремін деп алдаған. Сосын жәбірленуші тарап олардың үстінен полиция арыз жазған. 

“Қазір бұл жағдайға қатысты екі іс қозғалып жатыр. Соның бірі алаяқтық. Қызды зорлағандардың бірінің үстінен алаяқтық бойынша арыз жазып, полиция бөлімінде отырдық. Сол сәтте 15 жастағы сіңлім хабарласып, мұны ішіме сақтай алмаймын, сізге айтарым бар деді. Сосын полиция бөлімшесінде отырғанымды айтып, сонда шақырдым. Ол келіп, кіндік әке-шешесінің зорлағанын айтты", – дейді жәбірленушінің туысы. 

Жәбірленушінің туысының айтуынша, ерлі-зайыптылар жасөспірім қызды өз анасынан сұрап әкеткен.

“Олар қыздың кіндік әкесі мен шешесі. Ерлі-зайыпты жасөспірімнің анасына “баламыз ертең футболдан жарысқа барады, жанында қызың бірге жүрсінші” деп алып кеткен. Үйіне жеткізген соң қызға еркінен тыс ішімдік ішкізген. Сосын жасөспірім жоғары қабаттағы бөлмеге барып ұйықтап қалған. Сол кезде ерлі-зайыптылар бөлмеге жалаңаш кіріп, қызды шешіндіріп, зорлық көрсеткен. Ер адам бірінші қызды зорлап, сосын өз әйелімен жасөспірімнің көзінше жыныстық қатынасқа түскен”, – дейді жасөспірімнің туысы. 

Аталған жағдайға қатысты Stan.kz тілшісі Жамбыл облысының полиция департаментінен мән-жайды сұрап білді. 

“2025 жылы 6 мамырда Қордай аудандық полиция бөліміне осы аудан тұрғынынан кәмелет жасқа толмаған қызын зорлады деген арыз түсті. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 120-бабының 4-бөлігімен (Жас балаға қатысты зорлау әрекеті) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тергеу барысында күдікті азамат пен азаматша анықталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Сонымен қатар жәбірленушіні бұрын әкесінің зорлау дерегі анықталып, Қылмыстық кодекстің 120-бабы 3-2-бөлігінің 3-тармағымен (Зорлау) тергеу амалдары жүргізіліп жатыр”, – делінген хабарламада. 

Полиция департаменті мәліметінше, қылмыстық процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты істің толық мән-жайы жариялануға жатпайды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Марат Азамат Талғатұлы (@markizant)

Астана циркінде гимнаст қыз бес метрлік биіктен құлап кетті (ВИДЕО)
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу