Сара Назарбаева қайтыс болды - БАҚ
Бұқаралық ақпарат беттерінде Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бірінші әйелі Сара Назарбаева 84 жасында қайтыс болды деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Oinet.kz тлішісі.
Әзірге бұл ақпарат ресми растала қоймады.
Сара Алпысқызы соңғы апталарда Алматыдағы Совминка деген атпен белгілі Президенттің мүлкін басқару басқармасының республикалық клиникалық ауруханасында емделіп жатқан болатын. 5 мамырда оның жағдайы ауыр екені белгілі болды.
«Бүгін, алдын ала ақпарат бойынша, оны желдеткіштен ажырату туралы шешім қабылданды», - деп жазды Orda.kz.
Сара Алпысқызы мен Нұрсұлтан Назарбаевтың Дариға, Динара, Әлия атты үш қызы бар.
Ал Ulysmedia.kz марқұмның өмір бойы «нағыз бірінші ханым» атана алмағанын жазды.
"Соңғы уақытта ол Назарбаева деген тегін тастап, қыз кезіндегі тегі – Қонақаеваны қолдана бастаған.
Сара Алпысқызы өмір бойы «нағыз бірінші ханым» атанған жоқ – Нұрсұлтан Назарбаев өмірлік серігінің бейнесін ел алдында көрсетуге ұмтылмады. Мәселен, 2015 жылы ол Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизаветамен кездесуге жұбайын емес, сол кездегі премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарған үлкен қызы Дариғаны ертіп барған еді.
Сара Алпысқызының неге көзден таса болғаны кейін белгілі болды – Назарбаев бұл туралы өзінің кітабында жазған. Оның сөзінше, “жүрекке әмір жүрмейді – ол басқа адамды қалаған”.
Сара Қонақаева 1941 жылдың ақпанында Қарағанды облысында дүниеге келген. 1962 жылы Нұрсұлтан Назарбаевпен отау құрған. Кейін ол «Бөбек» халықаралық балалар қайырымдылық қорын, «SOS – Қазақстанның балалар ауылдары» қорын құрды және еліміздің білім беру жүйесіне өзгерістер енгізуге тырысты. Оның бастамасымен мектептерде өзін-өзі тану пәні енгізілді. Алайда бұл идея кейіннен тоқтатылды".