«Балалардың көзінше дәрет сындырады»: Назарбаев көшесі үйсіз қаңғырған азаматтардың мекеніне айналды

Oinet.kz 13-04-2025 251

Алматыда үйсіз-күйсіз жүргендер тұрғын үйлерге көрпе-төсегімен баса-көктеп кіріп, қонған жеріне дәрет сындырып кететін болған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Информбюроға сілтеме жасап.

Screenshot_1.jpg

Тіпті тұрғындар "пәтерді өртейміз" деп сес көрсетеді дейді.

Назарбаев даңғылының тұрғындары панасыз жүргендерден мезі болғанын айтып, әкімдік пен полицияның шаралары нәтиже бермейді деп отыр.

“Олар үнемі мас. Өте агрессивті. Ескерту жасауға қорқып қалдық. Түнде подъездерге топ болып кіріп алады. Күндіз ауладан кетпейді. Балалардың көзінше шешініп, дәрет сындырады”, – дейді Алматы қаласының тұрғыны Гүлмира Жайымбаева.

Тұрғылықты жері жоқтар тұрғындарға “Сіздер жақта тұрып жатқаныма 15 жыл болды” деп мазақ ететін көрінеді. Бір үйден қусаң екіншісіне барып, тойлап, тіпті ұрлық та жасайды дейді ашынған алматылықтар.

Үйсіз жүргендер бейнекамераларды пысқырмайтын болған. Қазір дүкен-мейрамхананың жұмысына да кедергі келтіріп жүрген көрінеді. 

Ал, Алматы полициясы:

“Дәл осы аулада биыл 17-ден астам рейд жасалды. Тиісті жұмыстар жалғасады”, – деп қысқа қайырды.

Әйелін соққыға жыққан дипломат елшілікте түк болмағандай жұмыс істеп жүрген
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу