Экс-президент әуежайда қамауға алынды
12-03-2025
TikTok балалар мен жасөспірімдерді қорғау үшін "Отбасылық баптаулар" мүмкіндігін кеңейтті. Енді ата-аналар сағат 22:00-ден кейін балаларының платформаға кіруіне шектеу қоя алады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
TikTok желісіндегі “Отбасылық баптаулар” жасөспірімдер желіні кешкі сағат 10-нан кейін қолданса, демалуға көмек беріп, шектеу қоя алады.
"TikTok-та ата-ананың бақылау жүйесінің бөлігі саналатын “Отбасылық баптау” құралының іске қосылғанына бес жыл болды. Бұл жолы TikTok әзірлеушілері "Ұйқы уақыты" деп аталатын жаңа баптау жасап шықты. Енді ата-ана баласының қолданбаға кіруін белгілі бір уақыт аралығында шектей алады", – делінген компания хабарламасында.
Енді ата-аналар:
балаларының TikTok-қа кіру кезеңін шектеу үшін уақыт белгілеуі керек. Мәселен, мектеп уақытында немесе түнде;
күн сайын қайталанатын кесте жасап шыққаны жөн;
бұрын енгізілген рұқсатты шектеу кезеңінде жасөспірімнің қолданбаны пайдалану туралы сұрауларын мақұлдау.
Жаңа “Отбасылық баптаулар” мүмкіндігі ата-аналарға балаларының есептік жазбалары туралы ақпаратқа көбірек қол жеткізуіне мүмкіндік береді.
Енді ата-ана мыналарды бақылай алады:
баласы TikTok-та кімді көреді және аккаунтына кім жазылады;
жасөспірім қай пайдаланушыларды бұғаттады.
Егер 16 жасқа толмаған жасөспірім TikTok-ты кешкі 22:00-ден кейін ашса, ұсыныстар арнасында тыныштандыратын музыкасы бар толық экранды хабарландыру пайда болады. Ол үзіліс жасау керегін ескертеді. Егер бала ескертуден кейін де қосымшаны қолдана берсе, толық экранды хабарлама пайда болады.
Қазіргі уақытта TikTok ата-аналарға арналған 15-тен астам қауіпсіздік параметрлерін ұсынады. Оның ішінде экран уақытын шектеу және жасөспірімнің аккаунтын жекеге ауыстыру мүмкіндігі бар.
Айта кетейік, бұған дейін Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева TikTok-тың Қазақстандағы балаларға әсері және оны шектеудің ықтимал шаралары туралы айтқан еді.