«Тойдың қазысы мен тойбастарын ұрлаған»: Үйлерге ұрлыққа түскен күдікті қолға түсті

Oinet.kz 18-02-2025 302

Жамбыл облысында тойдың қазысы мен тойбастарын ұрлаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Screenshot_7.jpg

Мән-жай

Меркі ауданында полиция қызметкерлері үйде ұрлық жасаған күдіктіні анықтады. Ер адам пластик есікті ығыстыру арқылы үйлерге заңсыз кіріп, алтын әшекейлер, ноутбук және басқа да құнды заттарды жасырын ұрлаған.

Сондай-ақ, тағы бір үйдің қоймасынан азық-түлік (қазы), тойбастар сыйлықтарын және өзге де заттарды ұрлап кеткені белгілі болды. 

Полиция пікірі

Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында бұрын сотталған 39 жастағы ер адамды ұстады.

"Бұл дерекке қатысты ҚР ҚК-нің тұрғын жайға заңсыз кіру арқылы жасалған ұрлық бабымен соталды тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп жазылған хабарламада.

Қазіргі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Танымал екі футболшы энергетикалық сусын ішіп қаза тапты
Как туризм не смог погубить Казахстан?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу