«Ұқыпсыз жазғаны үшін»: Өз қызын пышақтаған көпбалалы ана сотталды

Oinet.kz 18-02-2025 331

Сабағын ұқыпсыз жазғаны үшін қызын пышақтаған көпбалалы ана сотталды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_10.jpg

Солтүстік Қазақстан облысында 7-ші баласына жүкті, көпбалалы ананы 12 жасар қызын пышақтағаны үшін соттады.

Әйел қызының мектеп дәптеріне сабағын ұқыпсыз жазғанына ашуланып, оның санына екі рет пышақ сұққан.

«Бұл әйелдің алғашқы қылмыстық ісі екенін және оның жүкті екенін ескере отырып, сот ең төменгі жаза – орташа қауіпсіздік колониясында алты жыл бас бостандығынан айыруды тағайындады», – деп жазады петропавлдық 7152.kz басылымы сот материалдарына сілтеме жасап.

Жарақат алған мектеп оқушысы өскен отбасында алты бала бар. Ата-анасы әлеуметтік қызметтердің есебінде тұрмаған.

«Шенеуніктер де бар»: Ақтөбеде жезөкшелер жеңгетайының клиенттері белгілі болды
«Зарядтағыш сымы, шыны банка, қайшы, пышақ»: Енесі келінін бірнеше жерден пышақтап өлтірген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу