«Шенеуніктер де бар»: Ақтөбеде жезөкшелер жеңгетайының клиенттері белгілі болды
Ақтөбе полициясы қаланың әйгілі түнгі клубтарының бірінің әкімшісіне қатысты қылмыстық істі тергей бастады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Полиция қыздың ауқатты адамдарға эскорт қызметін көрсету үшін модель қыздарды жалдағаны туралы ақпаратты тексеріп жатыр.
Тергеу нәтижесінде күдіктінің «клиенттерінің» тізімі табылды. Ол тізімде қаладағы танымал кәсіпкерлерден басқа, әкімдік қызметкерлері мен шенеуніктер де бар.
Енді тізімдегілердің бәрі бұл іс бойынша куәгер ретінде сұраққа тартылып жатыр. Олар тергеушіге өздерінің жеке қарым-қатынастарының егжей-тегжейін айтып беруге міндетті.
Сондықтан кейбір шенеуніктер істе нақты деректерді көрсетпей, бүркеншік атпен жауап алуды сұрап отыр.
Облыстық полиция департаменті тергеу туралы ақпаратты растады. Департаменттің баспасөз қызметінің басшысы Ерболат Сарқұлов тергеу барысына түсініктеме берді.
«Ақтөбе қаласының полиция басқармасы жезөкшелікпен айналысу, сондай-ақ жеңгетайлық үшін притондарды ұйымдастыру немесе ұстау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Сотқа дейінгі тексеру жүргізіледі», - деді Ерболат Сарқұлов.