«Қабырғасы сынып, миы шайқалған»: Алматыда топтасқан қыздар бір қызды соққыға жықты (ВИДЕО)
Алматыда жасөспірімдер бір қызға жабылып, оны соққыға жақты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Оқиға 26 қаңтарда Алматыдағы «Гүлдер» саябағындағы мұз айдынында орын алған. Екі жасөспірім бір қызға шабуыл жасады.
Салдарынан қыздың бірнеше қабырғасы сынып, миы шайқалған. Тістерінің брекеттері сынып, ауруханаға жатқызылды.
Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл іске қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер анықталып, полицияға жеткізілді.
«Жанжал шығарған екі жасөспірім қыздың ата-анасы бала тәрбиелеудегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.