Тоқаев қорғаныс министріне нақты тапсырмалар берді

Oinet.kz 29-01-2025 33

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Президент – Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің жоғарғы бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қорғаныс ведомствосының былтыр атқарған қызметі туралы есеп берілді.

Мемлекет басшысына армияның жауынгерлік дайындығының жай-күйі мен әскерлерді даярлаудың жаңа тәсілдері жөнінде баяндалды.

Руслан Жақсылықов мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау, әлеуметтік және идеологиялық жұмыстарды жүргізу, сондай-ақ әскери инфрақұрылымды дамыту барысы жайында айтты.

Жоғарғы Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаев министрге армияның жауынгерлік әлеуетін көтеруге, басқару үдерістерін одан әрі цифрландыруға, Арнайы операциялар күштерін дамытуға, әлеуметтік-идеологиялық жұмыстарды күшейтуге қатысты нақты тапсырмалар берді.

Шерзат Полаттың ісі: 117 жауап алынып, 39 рет беттесу өтті
Ақтаудағы ұшақ апаты жайлы Бас прокуратура: “Оңай іс емес, нәтижесін күтеміз“
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу