Шерзат Полаттың ісі: 117 жауап алынып, 39 рет беттесу өтті

Oinet.kz 29-01-2025 32

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Мәжіліс кулуарында Шерзат Полаттың ісі бойынша іс материалдары қаралып жатқанын мәлім етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қазіргі таңда тергеу аяқталып, тараптар іс материалдарымен танысып жатыр. Заң бойынша танысу уақыты қандай да бір мерзіммен шектелмейді. Бір айта кететіні, қылмыстық іс бойынша 39 сараптама тағайындалды, зардап шеккендер мен ұсталғандардан 117 рет жауап алынды, 90 дикс қаралып, 36 рет беттесу өткізілді. Бұл – қыруар жұмыс және осы материалдардың бәрін талдауға уақыт қажет", - деді ол 

Еске салайық, Талғарда 4 қазанға қараған түні жасөспірім көз жұмды, кейінірек өңірдің полиция департаменті осы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады. Ал марқұм Шерзаттың отбасы бұл жайтқа қатысы барлардың бәрін ұстап, жазалауды талап етті.


Александр Орловский в Казахстане открывает курсы FFA
Тоқаев қорғаныс министріне нақты тапсырмалар берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу