Ақтаудағы ұшақ апаты жайлы Бас прокуратура: “Оңай іс емес, нәтижесін күтеміз“
Мәжіліс кулуарында Бас прокурордың орынбасары "Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты тергеу жұмыстарының қорытындысы қашан шығады?" деген сауалға жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ғалымжан Қойгелдиев әзірге тек тергеу нәтижесін күту қажеттігін айтты.
"Тәжірибелі қызметкрелерден тергеу тобы құрылды, сараптама тағайындалды. Іс оңай емес, нәтижесін күтеміз", – деді Қойгелдиев.
Айта кетейік, бұған дейін Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты тергеу қорытындысы осы аптада белгілі болатынын мәлімдеген болатын.
Ақтаудағы ұшақ апаты туралы не белгілі?
Еске салайық, 25 желтоқсанда Ақтау маңында Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан ұшақ апатқа ұшырады. Бұл - Azerbaijan Airlines әуе компаниясына тиесілі Embraer 190 ұшағы. Ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған.