«25 мың теңге ойын өзгерткен»: Журналист елімізде блогерлердің ақша тауып жүргенін айтты

Oinet.kz 21-10-2024 402

Журналист Михайл Козачков елімізде блогерлер мен қоғам белсенділерінің бопсалау арқылы ақша тауып жүргенін жазды. Айтуынша олар дүкендер мен супермаркеттердегі мерзімі өткен тауарлар арқылы кәсіпкерлерден ақша бопсалайды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_1.jpg

Журналист өзінің Telegram желісінде елде заңсыз бизнестің тағы бір түрі пайда болғанын жеткізді. 

“Блогерлер мен қоғам белсенділері кәсіп иелерін бопсалау үшін шағын дүкендер мен ірі сауда желілерінен мерзімі өткен тауарларды іздейді. Жақында Астанада осындай екі адамға үкім жарияланды. 70 жастағы Болат Тәжібаев бір жыл бұрын, 2023 жылдың күзінде серіктестерімен бірге "тұтынушылардың құқықтарын қорғау" қоғамдық бірлестігін ашқан. Өзін президент, ал 60 жастағы Жанат Мұсабаев вице-президент етіп тағайындады. Содан кейін олар осы іс арқылы ақша таба бастаған”, – делінген журналист жазбасында. 

Деректерге сүйенсек, олар үйдің жанындағы дүкендерде рейдтер жүргізіп, мерзімі өткен тауарларды іздеген. 

“Мәселен, осы жылдың қаңтар айында "Юлия" дүкенінен Мұсабаев жарамдылық мерзімі өткен макарон өнімдерін тауып, сатушыға уәкілетті органдарға арыз жіберемін деп қорқытқан. Алайда 25 мың теңгеден соң бұл ойын өзгерткен. Ақша оның шотына түскен. 

Бірнеше аптадан кейін Мұсабаев елордалық "Азық-түлік" дүкеніне барып, дұрыс таңбаланбаған жарманы анықтады! Сатушы Тәжібаевпен сөйлескеннен кейін оның шотына тағы 25 мың теіге түскен. "Бектас" және "Огонек" дүкендерінде "тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамының" вице-президенті мерзімі өткен сүт пен майды тауып, тағы екеуіне 25 мың теңгеден алған. Осыған ұқсас тауарлар "Елсу" және "Дана" павильондарында да анықталды”, – деп жазды Козачков. 

Кейін бұл тексерушілердің үстінен арыз жазылған. Содан кейін полиция бопсалаудың 7 эпизоды бойынша бопасалау әрекетін тапты.

“Сотта олар кінәсін мойындамады. Екеуі де өздерінің жақсы ниеттері болғанын мәлімдеді. Ал ақша тек шығындарын төлеу үшін алынған екен. Сот олардың түсіндірмелерін сыни тұрғыдан қабылдады. Және әрқайсысын 3 жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарды.

Өкінішке орай, осындай оқиғалар елімізде болып жатыр. Жақында Атырауда супермаркет иелерінен мерзімі өткен тауар туралы органдарға хабарламағаны үшін 2 миллион теңге бопсалаған жергілікті блогер сотталды. Оған тағы бір қылмыс жасағаныүшін  3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді. Сотта оған прокурордан 20 мың теңге ұрлады деген тағы бір айып тағылды”, – деп қосты ол.

Журналисттің айтуынша, дәл осындай әрекетпен Алматыда тағы бір іс бойынша талқылау жүріп жатыр. Ол супермаркеттердің жұмысына бірнеше шағым жазған. Содан кейін 50 миллион теңге сұраған. Ақшаны беру кезінде ер адам ұсталды. Қазір ол 7 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

«Шерзат оқиғасы»: Талғардағы қылмысқа қатысты тағы бір күдікті құрықталды (ВИДЕО)
«Белдіктің іздері бар»: Алматы облысында басына шатыр құлап қаза тапқан сарбаздың туыстары мәлімдеме
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу