«Шерзат оқиғасы»: Талғардағы қылмысқа қатысты тағы бір күдікті құрықталды (ВИДЕО)

Oinet.kz 18-10-2024 172

16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысы бар делінген тағы бір күдікті ұсталды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_26.jpg

Алматы облысы ПД мәліметінше, 17 қазанда Шерзатты өлтіру дерегі бойынша қылмыстық істі тергеу аясында тағы бір күдікті К. ұсталды.

"Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шараларының кешенін жүргізу жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.

Осылайша, Талғарда Шерзат Болатты өлтіру ісі бойынша 11 адам ұсталды. Бұған дейін 10 күдікті қамалғаны туралы хабарланған болатын.

«Жындыханадан түрмеге»: Асырап алған балаларға ит-мысық сойып берген емші туралы жаңа дерек
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу