Қазақстанда тағы бір әуежай сатылатын болды

Oinet.kz 19-08-2024 750

А.Байтұрсынұлы атындағы «Қостанай» халықаралық әуежайы акцияларының 49 пайызын электрон сауда арқылы сату жоспарланып отыр, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Әуежай Қостанай облысы әкімдігінің Қаржы басқармасының иелігінде. Басқарма орналастырылған 733,9 мың акцияның 359,6 мыңын саудаға қойған.

Аукцион электрон тендер түрінде өтеді. Бастапқы баға — 4,7 млрд теңге. Бұл бағаны биылғы 5 ақпанда «Независимая экспертная оценка» ЖШС 49% үлестің құны деп бағалаған. Ал әуежайдың нарықтағы жалпы құны 9,6 млрд теңгеге бағаланыпты.

А.Байтұрсынұлы атындағы «Қостанай» халықаралық әуежайы АҚ 1997 жылы тіркелген. 2013 жылы әуежайдың акциялары коммуналдық меншіктен түгелдей республика меншігіне өткен. Ал 2014 жылы Airport Management Group ЖШС сенімгерлік басқаруына тапсырылған. Осыдан 6 жыл бұрын, 2018 жылы әуежайды сатпақ болғанымен, ол кезде алатын ешкім болмай, сауда өтпей қалған еді.

«Шалбарын төмен түсірген»: Талдықорғанда такси жүргізушісінің ерсі әрекеті видеоға түсіп қалды
«2 рет КАМАЗ-дың артына кіріп кетуге сәл қалды»: Белгілі блогер жолаушыларға ескерту жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу