«Шалбарын төмен түсірген»: Талдықорғанда такси жүргізушісінің ерсі әрекеті видеоға түсіп қалды

Oinet.kz 15-08-2024 465

Талдықорғандық әйел такси шақыртып, көлікке отырғанда жүргізушінің ерсі әрекетін байқап қалған. Оның видеосы әлеуметтік желіге тарады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі “Евразия” арнасының ақпараттық бағдарламасына сілтеме жасап.

Screenshot_3.jpg

Әйелдің айтуынша, такси жүргізушісі шалбарын төмен түсіріп, ұятсыз тірлікпен айналысып отырған. Ол бейнежазбаны басқаларға алдын ала ескерту болсын желіге жариялаған.

Такси жүргізушісі өз әрекеті үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жұмыстан шеттетілді. 

Полиция осы сынды адамдардың ерсі әрекетіне куә болсаңыздар, 102 пультіне хабар беруді сұрайды.

Қызылордада 16 жастағы сыныптасын жөзекшелікпен айналысуға мәжбүрлеген күдіктілер қамауға алынды
Қазақстанда тағы бір әуежай сатылатын болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу