Желіде Астанада өткен ШЫҰ саммитіне келген қонақтарға ұсынылған ас мәзірі пайда болды
Астанада өткен ШЫҰ саммитінде қонақтарға қандай тамақ берілгені белгілі болды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Желіде 4 шілде Астанада өткен ШЫҰ саммитіне қатысушыларға ұсынылған ас мәзірі тарап кетті.
Мәзірде мынандай тағам болған:
Бал қыша тұздығы қосылған авокадо салаты;
Қой етінен жасалған қуырдақ;
Бұзау етінен чебуректер;
Сиыр етінен тұшпара сорпасымен;
Каспий бекіресі филесі;
Лайм сорбеті;
Ауылдағыдай дайындалған картоппен сиыр етінен “Брискет”;
Карамелді грильяжбен ванильді суфле.
Айта кетейік, бұған дейін 4 шілдеде Астанада Қазақстанның төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті басталған болатын. Самитте қандай құжаттарға қол қойылғаны анықталды.