«5 баланың әкесі»: Эпилепсиямен ауыратын кішкентай қызды зорлаған педофилге сот үкімі шықты
Ақтауда эпилепсиямен ауыратын кішкентай қызды зорлаған ер адам 22 жылға сотталды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
“Немолчи” қоры педофилдің сотталғанын мәлімдеді. Мәлімдеуінше, сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде қыздың талмасы ұстап, оны жедел жәрдем көлігі алып кеткен. Ал сот тергеуі кезінде қыздың анасы ауруханаға түскен.
“Қыздың тәтесі күресуден тайынбады. Қыздың ар-намысын қорғап, адвокаттардың арандатуына төтеп берді”, – деп жазды қор.
Олар адвокаттың бұрын сотталғанын да атап өтті.
Жәбірленуші қыздың мүгедектігі бар, эпилепсиямен невропатологта есепте тұр.
Ал педофил – 5 баланың әкесі. Тергеу шаралары жүргізіліп, оның кінәсі биоматериалдармен толық дәлелденді.