Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Фото: Ашық дереккөзден
Сот "Жібек жолы" қайырымдылық мекемелері қауымдастығының құрамына кіретін 26 заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеудің күшін жою және тарату туралы талап қоюды қарады.
Уәкілетті орган тексерісінің қорытындысы бойынша Алматы қаласында қайырымдылықпен және білім беру саласындағы қызметпен айналысатын 26 мекеменің тек 11-і нақты жұмыс істеген, ал 15-і тіркелген жерінде жоқ екені анықталған.
Олардың қатарында "Ана Аманаты" қыздар мектеп-интернаты, "АМАНАТ әлеуметтік балалар үй-интернаты", "Алмалы" әлеуметтік балалар үйі-интернаты, "Сауран-Ислам мәдени орталығы" және т.б. қайырымдылық ұйымдары бар.
"Мекемелерде балалардың өмірі мен денсаулығына тікелей байланысты, соның ішінде көші-қон, еңбек, жер, экология және тұрғын үй мәселелеріне қатысты өрескел заң бұзушылықтар орын алған. Сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, өрт қауіпсіздігі талаптары, санитарлық-эпидемиологиялық нормалар, діни, қайырымдылық және қаржылық-шаруашылық қызмет салаларында бұзушылықтар анықталды. Іс жүзінде мекемелердің жұмысы олардың жарғылық мақсаттарына қайшы келеді. Оның үстіне, олардың кейбіреулері білім беру қызметін тиісті лицензиясыз жүзеге асырған. Балалардың тиісті білім, тәрбие және дер кезінде медициналық көмек алу құқықтары мен бостандықтары айтарлықтай бұзылған”, – делінген хабарламада.