Ер адам 16 жастағы қалыңдығының басын шауып тастаған

Oinet.kz 16-05-2024 1579

Үндістанда Карнатака тұрғыны 16 жастағы қалыңдығының басын шауып тастаған, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі News9Live-ке сілтеме жасап. 

Screenshot_1.jpg

Мадикерилік 32 жастағы Пракашидің отбасы кәмелетке толмаған қыздың отбасымен үйлену тойын Сурлабби ауылында өткізуге келіскен. Алайда келіннің жасы 18-ге толмағанын анықтаған құзырлы органдар мен балалар құқығын қорғау комиссиясының өкілдері неке қию рәсімін үзген.

Нәтижесінде неке бұзылды. Бұған екі отбасы да келісті, бірақ үкіметтің араласуы Пракашаның ашуын келтірді. Келесі күні ол қыздың үйіне басып кіріп, ата-анасын аяусыз соққыға жыққан. Кейін қалыңдығын көшеге сүйреп, басын шауып тастаған. 

Ер адам оқиға орнынан қашып кеткен. Қазір полицейлер қылмыскерді іздестіріп жатыр.

«Келінімнің бір айыбы - оқымай қалған»: Қызылордалық азамат сау әйелін ауру деген туыстарына наразы
«Психопаттық қасиеттер бар»: Бишімбаев ісі қоғамға қалай әсер етті, психолог не дейді?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу