64 жастағы зейнеткерді туған ұлы мен келіні көшеге қуып шықты ма (видео)
Желіде 64 жастағы зейнеткердің далада жатқан видеосы тарады. Жетісу облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желіде Жетісу облысы Сарыөзек ауылында 64 жастағы зейнеткерді ұлы мен келіні далаға лақтырып кеткені туралы ақпарат пайда болды. Кейін ата ауруханаға түсті. Полиция шақырылды.
Желі қолданушылары зейнеткердің туыстарының әрекетіне наразылықтарын білдіріп, оларды қарт адамға осындай қарым-қатынас жасағаны үшін жазалауды сұрады.
Кербұлақ аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары жағдайды тексерген. Нәтижесінде "туысқандардың бір-біріне шағымы жоқ" болып шықты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram