Бишімбаев сотта өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын айтты

Oinet.kz 11-03-2024 485

Марқұм Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты ісі бойынша алдын ала тыңдалым өтуде. Тыңдалымда әйелін өлтірді деген күдіктегі Қуандық Бишімбаев тағылған айыпты мойындамайтынын айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Screenshot_2.jpg

Сотта Бишімбаев өзіне тағылған айыпты түсінетінін, алайда мұны мойындамайтынын жеткізді. Сот тыңдалымы алқабилер мен журналистердің қатысуымен өтіп жатыр. 

Бишімбаевтың адвокаты қылмыстық істі прокуратураға қайтаруды сұрады. Себебі Назкен Құсайынованың сөзінше, қылмыстық-процессуалдық істе заң бұзушылықтар анықталған. Ол қылмыстық істе 16 том бар екенін атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен ұсталған. Кейіннен қылмысты жасырды деген айыппен Салтанат Нүкенова көз жұмған мейрамхананың директоры да тұтқындалды.

Қазақстандық көпбалалы аналар 8 наурызға орай қанша төлем алатыны белгілі болды
Стиральные машины-полуавтомат: преимущества популярных моделей
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу