«Бишімбаев қатты күйзеліске түсті»: Бишімбаевтың адвокаты экс-министрдің кінәсін жоққа шығарды

Oinet.kz 22-02-2024 478

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың адвокаты оның әйелін өлтіргені үшін кінәсін мойындамайтын мәлімдеді. Адвокаттың дерегінше, Салтанат Нүкенова субдуральды гематомадан қайтыс болған. Ал олардың арасында ешқандай жанжал болмағанын алға тартады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Elmedia арнасына сілтеме жасап.

Screenshot_1.jpg

Бұрынғы министрдің адвокаты Назкен Қусаинова экс-министрдің мұның жазатайым оқиға екенін және ол әйелін әлі жақсы көріп, қайғыратынын жеткізді.

"Тергеу аяқталғаны бәріне белгілі. Алайда сотқа дейінгі тергеп-тексерудің барлық дерегін толық ашпасақ та, кейбірін айта аламыз. Жалпы, Қуандық Уәлиханұлы Бишімбаев іс-әрекеті Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы ("Аса қатыгездікпен адам өлтіру") бойынша айып тағылды. Астана қаласының полиция департаменті 2024 жылдың 9 қаңтарында сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. ҚР ҚК 96 бабына сәйкес екі тарапта қылмыстың істің материалдарымен танысты. Жалпы, бізде қылмыстық іс бойынша 16 тармақ бойынша тергеліп, 13 сараптама жасалды. Жәбірленушінің адвокаты іс жүргізу бойынша барлық қажетті сараптаманы алды. Жәбірленушінің адвокаты тарапынан толық қанағаттандырылды десек болады", – деді жауапкердің адвокаты Назкен Қусаинова.

Назкен Қусаинова жәбірленушінің туысқандарынан көптеген арыз-шағым келіп түскенін атап өтті.

"Тіпті, олардың санында шек жоқ. Қанша екенін айта алмаймын. Арыз-шағымдардың тек бірқатары қанағаттандырылған. Нақты айтқанда, 2-еуі ғана. Тиісінше, сарапшылар сотқа дейінші тергеудің алғашқы медициникалық сараптамалары, қосымша экспертиза бойынша толыққанды ақпарат жария етпеді", – деді адвокат.

Адвокаттың мәліметінше, сот алқасы сараптамалардың тергеу ісіне қатысы жоқ екенін айтқан.

"Сотқа дейінгі тергеу мекемесі мұны әуел бастан қылмыстық іске қатысы жоқ деп бағалады. Қорғаудың дәлелдерін тексере алмайсыз және бұл іс бойынша қанағаттандырарлық дерек бере алмайсыз деп жауап берді. Тіпті, судья үкім шығарған кезде де қандай негіздер бойынша қанағаттандырудан бас тартқанын жылы жауып қойды", – деді Бишімбаевтің қорғаушысы.

Адвокат Назкен Қусаинова сотқа дейінгі тергеу аяқталған соң ғана 9 қаңтарда сот ісіне қатысқан.

"Менің өтінішімді осы негіздер бойынша жариялауға мүмкіндігім де болмады. Мен сөз сөйлегенімде олар сотқа дейінгі тергеудің аяқталғанын жариялады. Тиісінше, мен өзім 2024 жылдың 12 қаңтарында 8 өтініш білдірдім. Бірақ бірде-бір өтінішім қанағаттандырылмады. Экспертиза жасаған маманның қорытындысын не себепті ұсынбағанын сұрадым. Осы сәтте тергеуші бұл мәлімдеме сараптаманың өзінде екенін айтты. Бірақ іс жүзінде бұл қорытынды болған жоқ. Оның өзі әлі күнге дейін сараптама енгізілген тергеу нәтижесін қорытындының бірі деп ойлайды. Мұнда ол қателеседі. Бұдан бөлек, қылмыс жасалған орында да ешқандай сараптама жасалмаған. Тергеуші сараптамалар жүргізу үшін сұрауларыңызды қанағаттандырмаймыз деді", – деді адвокат. 

Назкен Қусаинова қорғаушысына қатысты бөліктің толық қаралмағанын атап өтті. 

"Тергеу сараптамасы болған жоқ. Тергеуші Қуандық Бишімбаевтан да жауап алған жоқ. Жауап тек формальды түрде, өте қысқа болды. Себебі ол бірінші күннен бастап жауап беруден бас тартты. Қуандық Бишімбаев қатты күйзеліске түсті. Себебі ол сүйікті әйелінен айырылып қалды. Сондықтан ол жауап беруге қатыспады. Бұл қайғылы жағдай оған психологиялық тұрғыдан қатты әсер етті. Қайғылы оқиға болған күннен бастап 2 ай аралығында ешқандай тергеушіге куәгерлік етпеді. Сонымен қатар ол өз кінәсін мойындамайды", – деді адвокат Назкен Қусаинова.

«Мектепте құлшылық етуге жол берілмейді»: Министрлік сабақ кезінде намаз оқыған оқушылар жайлы
Ораза қай күні басталады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу