Жетісу облысында әскерге келгеніне үш ай болған сарбаз қайтыс болды

Oinet.kz 05-01-2024 529

Жетісу облысында әскерге аттанғанына үш ай болған сарбаз қайтыс болды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Астана арнасына сілтеме жасап.

Screenshot_10.jpg

Қорғаныс министрлігі Әмір Байтұрғановтың менингиттен кенет қайтыс болғанын мәлімдеді. Алайда марқұмның туыстары оның ауырып өлгеніне сенбей отыр. Айтуларынша, жас жігіт бірнеше апта бойы бүйрегі ауырғанына шағымданып, тиісті ем қабылдамаған.

«Түнгі сағат 03:00-де әскери бөлімнен қоңырау шалынды. Олар сіздің ұлыңыз ес-түссіз жатыр деп хабарлап, менің бөлімге дереу келуімді сұрады. Сол күні таңғы сағат 06:20-да ұлым есін білмей көз жұмды»,— дейді марқұмның әкесі Мұрат Байтұрғанов.

Бас әскери-медициналық басқарма басшысының орынбасары Берік Ілиясов Әмірдің өрт сөндіру жаттығуларынан кейін өзін нашар сезінгенін, сол күні дене қызуы көтеріліп ауруханаға түскенін айтты.

«Кешке қарай науқастың жағдайы нашарлады. Дене температурасы экстремалды деңгейге дейін көтерілді. Осыдан кейін науқас орталық облыстық ауруханаға жеткізілді. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, өлімнің алдын ала себебі жедел жұқпалы ауру, менингит екені анықталды»,—деді ол.

Сарбаздың туысқандары өлімнің бұл нұсқасына сенбейтіндерін жеткізді.

Бұған дейін ол бүйрек ауруы бойынша медициналық бөлімшеге бірнеше рет жүгінген. 28 қарашада ультрадыбыстық зерттеу жүргізу үшін бөлімнің медициналық қызмет басшысына хабарласқан. Тек 6 желтоқсанда олар қалаға барып,УДЗ-ге түсіп, екі жақты пиелонефрит диагнозын қойды. Оны сол күні-ақ бірден әскери госпитальға жатқызғанымен, 3 күннен кейін шығарып жіберді»,—деп түсіндірді Мұрат Байтұрғанов.

Туыстары жас жігіт созылмалы пиелонефриттен көз жұмды есептеп отыр. Алайда Қорғаныс министрлігі бүйрек ауруы мен өлім арасындағы байланысты жоққа шығарады.

«5 желтоқсанда жасалған сот-медициналық деректерге сәйкес және аурудың тарихын зерттей келе, өлім себебі арасында еш байланыс жоқтығын көрсетеді»,—деді Берік Ілиясов.

Марқұмның әкесі Бас прокуратураға тергеу барысын ерекше бақылауға алуды сұрады.

Әлемдегі ең қымбат футболшылар рейтингі жарияланды - Мбаппе жиырмалыққа да енбеді
«Ойыннан от шықты»: Батыс Қазақстанда 17 жасар қыз мерт болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу