«Досымен бірге тұратын»: Ұлы хостелдегі өрттен қаза тапты деген хабарлама алған ана сұхбат берді (ви

Oinet.kz 30-11-2023 5733

Алматыдағы хостелден өрт шықты. Салдарынан 13 адам қаза тауып, 3 адам ауруханаға жеткізілді. Әсем Садықова өрттен кейін ұлын таба алмай қалған. Ол Massaget.kz тілшісіне колледжден хабарласып, ұлы қаза тапқандардың тізімінде екенін айтқан, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_3.jpg

Әсем Садықованың ұлы Сунат 22 жаста. Ол 1 ай бұрын бұл хостелге көшіп келген. 

"Осы жерде 1 ай ғана тұрды. Колледждегілер маған барлық ақпаратты жіберді. Негізінен оқуды 2 жыл бұрын бітірген. Қазір жұмыс істеп ж.рген. Балам 2001 жылғы еді. Колледждегі оқытушы хабарласып айтты. Кеше ғана сөйлескен едік. Кеше 6-да қоштастық. Бірге жұмыс істейміз. Басшылар ұлыңыз жұмысқа келген жоқ деді, сол кезде колледжден хабарласты. Оларға білім бөліміндегілер айтқан. Баламның қайда екенін білгім келеді. Қате кеткен шығар. Не болғанын білмеймін. Хабар 10:40-та келді. Сатушы-менеджер болып істейтін. Маған "мама, 25 мың теңге төлеп, досыммен бірге тұрамын" деді. Тұңғышым, әкесімен ажырасып кеткенбіз", - дейді әйел. 

Еске салайық, бұған дейін 30 қарашада сағат 5:33-те Алматыдағы Әди Шәріпов көшесінде өрт шыққаны хабарланды.

«Адам басына 60 мың теңге»: Шетелдіктер хостелден шыққан өрт туралы айтты
«Бір ай тұру үшін ақша керек» деді» - Алматыдағы өртте қаза тапқан марқұмның бауыры
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу