«Құсу белгілері болды»: Ажар Ғиният немересінің қызылшаға қарсы екпеден кейінгі жағдайын айтты
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қызылшаға қарсы вакцинаның қауіпсіз екенін дәлелдеу үшін немерелерін мысалға келтірді. Министр немересін емханаға өзі апарып, оған ауруға қарсы екпе салдырған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігі не сілтеме жасап.
“Үлкен немерем 9 жаста, 6 жасында екпе алған. Бұл жұмысты өзім бастадым, емханаға 5 жасар немеремді алып келдім. Екпенің қауіпсіз, тиімді және сенуге болатынын дәлелдедім. Төртінші күні оның дене қызуы көтеріліп, құсу белгілері болды. Дәрігерлер мұны вакцинаға реакция беріп жатыр деп бағалады",- деді министр ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Министр екпеден кейін бір күннен кейін әртүрлі симптомдар болғанын айтты. Мұндай белгілердің болуы қалыпты жағдай деп түсіндірді.