«Қазақмыс» шахтасында кенші ауыр жарақат алып, мерт болды

Oinet.kz 06-11-2023 1162

"Қазақмыс" компаниясына тиесілі шахтада 39 жастағы жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Screenshot_6.jpg

Ресми мәлімет бойынша, 5 қарашада "Қазақмыс" компаниясының Шығыс-Жезқазған кенішіндегі №57 шахтасында жазатайым оқиға болып, 39 жастағы қызметкері қаза тапты.

"Жұмысты орындау кезінде 1984 жылғы тау-кен шебері ауыр жарақат алып, көз жұмды. Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр. "Қазақмыс" компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы қаза тапқан адамның туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады", – делінген "Қазақмыс" хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін "Қазақмыс" кенішінде алты жұмысшы жарақат алғаны туралы жазған едік. Конвейердің роликтерін тексеру кезінде жұмысшылар "Стакермен" бірге кен үйіндісіне құлаған. Оқиға Ұлытау облысында "Қазақмыс" тобының "Жыланды" кенішінде болды.

Газа секторында қаза тапқан балалар саны әлемде көз жұмған балалар санынан көп пе?
Қарағандыда жантүршігерлік жол апатынан 6 адам қаза тапты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу