Қостанай облысында тағы бір отбасы уланып көз жұмды

Oinet.kz 02-11-2023 1193

Қостанай облысында ерлі-зайыптылар газдан уланып қайтыс болды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Alau.kz-ке сілтеме жасап.

Screenshot_13.jpg

Қайғылы оқиға Май ауданының Бейімбет Майлин атындағы ауылында орын алған. 

«Қайғылы жағдай табиғи газдан уланудан болған. Жеке үйден ер мен әйел өлі табылды. Оған сұйытылған газ пешінің ашық қалуы себеп болған», - деді Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Қайрат Қасым.

Естеріңізге сала кетейік, 27 қазанда Шымкентте бір отбасы газдан уланып қайтыс болды. Ынтымақ ықшамауданында бір отбасының 5 мүшесі: 39 жастағы отағасы мен әйелі, үш баласы улы газдан қайтыс болды. Балалардың екеуі 15, 16 жастағы қыз және 11 жастағы ұл.

Сондай-ақ 30 қазанда Қостанай облысының Лесное ауылында бір отбасының үш адамы ыстан уланып көз жұмған болатын. 1975 жылы туған үй иесі ауруханаға жеткізілді. Қайғылы жағдайға пештегі сыланбаған сызаттар мен шойын тақтадағы жарықтардан улы иіс тарауы себеп болған.

Алматыда мопед жүргізушісі бала отырған арбаны қағып кетті
Күзетші алтыншы сынып оқушысын зорламақ болған: Мектеп директоры қызметінен босатылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу