Алматыда мопед жүргізушісі бала отырған арбаны қағып кетті
Алматыда мопед мінген жүргізуші бала отырған арбаны қағып кетті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Оқырмандар Сәтбаев пен Брусиловский көшелері қиылысында мопед жол апатын жасағанын хабарлады. Ол велосипед жолымен келе жатып, балалар арбасына соқтығысқан.
Алматы полициясы жол апаты 1 қарашада сағат 20:25-те Бостандық ауданында болғанын хабарлады. 1999 жылғы мопед жүргізушісі Сәтбаев көшесінің бойындағы веложолақпен шығыс бағытта келе жатып, Брусиловский көшесінің қиылысында балалар арбасын қағып кеткен.
"Арбада үш жасар қыз болған. Ол бірінші қалалық балалар ауруханасына көмек көрсету үшін жеткізілді. Деректі Бостандық аудандық ПБ қызметкерлері өндіріске қабылдады. Жүргізушіге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптама тағайындалып, шара қолданылады", - деді полициядағылар.