Қарағандыдағы кеншілердің өліміне Назарбаев жауап беруі тиіс пе - Министрдің жауабы

Oinet.kz 31-10-2023 556

Кезінде кәсіпорынды тиын-тебенге сатып, осы жылдар бойы жүзден астам қызметкердің өліміне жол бергені үшін Нұрсұлтан Назарбаев жауапкершілікке тартылуы керек пе? Қоғам арасында осы сұрақ қызу талқыға түсіп тұр. Бұл сауалға еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жауап беруге тырысты. Баспасөз хатшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың денсаулығы туралы хабарлады

news_full15712265322967f4973d719acc757636f940dc87eb.jpg

Оның айтуынша, 1996 жылы қиын кезең болғандықтан, кәсіпорын жабылып қалмас үшін кез келген шетелдік инвесторға беруге тура келген.

“Барлық экономикалық байланыстар үзілген өтпелі кезеңде өте қиын еді… Қазіргі күні де кәсіпорынның аман қалуы, жұмыс орындарының сақталуы мәселесі көтеріліп жатыр. Ол уақытта осы мәселе күн тәртібінде болған. Мәселе мынада, кәсіпорын қазір әлемдік экономикаға кірді, ал біз ол кезде барлық байланысты үзген едік. Сондықтан да елге инвестиция салып, кәсіпорынның жұмысын қамтамасыз ететіндей шетелдік инвесторларды тарту қажет болды. Сол себепті ол кезде қате шешім қабылданды немесе дұрыс болды деп айта алмаймыз. Бірақ ең бастысы, кәсіпорын жұмыс істеп жатыр және одан әрі жұмыс істеуі керек”, – дейді Дүйсенова.

Бұған дейін Арселор Митталдың Қазақстаннан түбегейлі кететіні белгілі болған. Үкімет пен компания келісімге келді. Лакшми Миттал еш жауапкершілікке тартылмай кетеді, ал 46 кеншіміз жер астында қалды. Бұл тәуелсіздік алған 30 жылдың ішіндегі ең көп көрсеткіш екенін айта кеткеніміз жөн.

Стильные советы для мужского гардероба
Қарағандыда қаза тапқан кеншілердің қанша жалақы алып келгені белгілі болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу